Телефон:7 (7252) 43-60-34
«Шымкент Мұнай Өнімдері» Акционерлік Қоғамы құрамына «Шымкентмұнайөнім» Облыстық бірлестігінің базасында құрылды. Аталған бірлестіктің құрамына Оңтүстік Қазақстан облысының 83 автомайқұю станциясы, 15 аудандық мұнай базалары кірді.
Нарықтық экономика басталып, монополиялар күйреген қайта құру кезеңінде «серіктестіктер» мен «акционерлік қоғамдар» тәрізді жаңа өндірістік бірлестіктер құрылды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша «Шымкентмұнайөнім» облыстық бірлестігі «Шымкент Мұнай Өнімдері» МАҚ болып қайта құрылып, 1993 жылдың 30 желтоқсанында мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілді.
Жаңадан ұйымдастырылып, жаңа басшы басқарған кезде де мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудамен өткізу, автомобильдерді жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсету жөніндегі негізгі қызмет өзгермеді. «Шымкент Мұнай Өнімдері» МАҚ-ның тұңғыш президенті болып Қуаныш Төлеметұлы Төлеметов тағайындалған болатын.
1995 жылы Мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеттің шешімімен «Шымкент Мұнай Өнімдері» МАҚ-ын сегменттеу өткізілді, аудандық мұнай базалары дербес акционерлік қоғам ретінде тіркелді, кейінірек мемлекеттік акциялар пакеті жеке тұлғаға сатылды.
Осы сәттен бастап қоғамның жаңа тарихы басталды: 1995 жылғы 25 шілдеде «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ білікті кадрлары, тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша үлкен тәжірибесі бар, жеке меншік нысанындағы шаруашылық етуші субъект ретінде тіркелді.
Осы жылдары акционерлік қоғам дамып, кеңейе бастады. 2004 жылы «Түлкібас мұнай өнімдері» Акционерлік қоғамын қосу жолымен акционерлік қоғам қайта ұйымдастырылды.
2004 жылы қоғамның жарғылық капиталы 50 млн. теңгеден 400 млн. теңгеге дейін ұлғайып, бағалы қағаздардың жаңа эмиссиясы тіркелді.
2006 жылдың қазанында «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-ның акцияларын «SAT&Company» АҚ сатып алды. Акцияларды «SAT&Company» АҚ сатып алған сәттен бастап кәсіпорынды дамытудың үш инвестициялық бағдарламасы қабылданды:
1) автомайқұю желісін ұлғайту;
2) мұнай өнімдерін сақтауға резервуарлық паркті ұлғайту;
3) ОҚО нарығында меншікті теміржолдары мен ағызу-құю теміржол эстакадасын салу арқылы Шымкент Мұнай өңдеу зауытынан тәуелсіздікке ие болу.
2008 жылдың тамызына сәйкес №1 дамыту бағдарламасы орындалды. Егер Акционерлік қоғам құрыла бастаған кезде екі автомайқұю станциясы болса, қазіргі уақытта «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-ның меншік құқығында Шымкент қаласында 6, Оңтүстік-Қазақстан облысында 2, Алматы қаласы мен Алматы облысында 4, Атырау қаласында 2 және Ақтөбе қаласында 2 автомайқұю станциясы бар. 2 техникалық қызмет көрсету станциясы жұмыс істейді.
2006 жылы №2 дамыту бағдарламасын орындау аясында «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ 21000 м3 қосымша терминал сатып алып, көрсетілетін қызметтердің көлемін дамыту мен ұлғайту жөніндегі жоспарларын жүзеге асырудың жаңа кезеңін бастады. Наурыз айында сатып алынған активтерге күрделі жөндеу аяқталды және ақшыл мұнай өнімдерін сақтау бойынша қосымша резервуар паркін пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.
№3 дамыту бағдарламасын орындау аясында 2007 жылдың ақпанында ҚБ-2 терминалына теміржол құрылысы, 2007 жылдың шілдесінде теміржол ағызу-құю эстакадасы мен сорғы станциясының құрылысы басталды.
Басты сорғы-мұнай айдау станциясын ҚБ 2 мұнай өнімдерінің үлестіру блогына ауқымды қайта құру іске асырылды. 2008 жылға сәйкес осы жұмыстардың барлығы толығымен аяқталып, объектілер өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
2009-2010 жылдары мұнай базалары мен автомайқұю станцияларындағы барлық технологиялық объектілерді, ғимараттар мен құрал-жабдықтарды жаңарту мен қайта жаңғыртуға бағытталған капитал салымдары іске асырылды. Теміржол тұйығын күрделі жөндеу, үй-жайларды әкімшілік ғимараттар етіп қайта жаңғырту және Түлкібас мұнай базасындағы қазіргі заманғы сорғы станциясын қалпына келтіру мен монтаждау жұмысы қолға алынды. Жұлдыз кентіндегі ҚБ 1 және ҚБ 2 мұнай базаларында сорғы станцияларын, көбікпен өрт сөндіру станцияларын қайта қалпына келтіру мен қайта жаңғырту, өрт сөндіру сужүргісінің жылуоқшаулағышын толығымен ауыстыру және бензовоздар үшін кіреберіс алаңдарды абаттандыру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді.
Шалғайдағы № 6 және № 7 автомайқұю станцияларындағы мұнай өнімдерін есепке алу мен құюды автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.
1995 ж. 27 шілде №34649 - «Шымкент Мұнай Өнімдері» мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі Оңтүстік Қазақстан Акционерлік Қоғамның мемлекеттік тіркелуі.
1996 ж. 12 маусым №1685-1958 АО - «Шымкент Мұнай Өнімдері» Ашық типті Акционерлік Қоғамының мемлекеттік тіркелуі.
2002 ж. 25 шілде №1685-1958 АО - «Шымкент Мұнай Өнімдері» Ашық Акционерлік Қоғамының мемлекеттік тіркелуі.
2003 ж. 22 қазан, №1685-1958 АО - «Шымкент Мұнай Өнімдері» Акционерлік Қоғамның мемлекеттік тіркелуі.
05.07.2004 ж. - «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ 05.07.2004 ж. акционерлердің жалпы жиналысының шешімінің негізінде қоғамға «Түлкібас мұнай өнімдері» АҚ-ның бірігуі арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру өткізілді және соңғының құқықтық мұрагері болып табылады.
2006 жылдың қазаны - «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-ның акцияларын «SAT&Company» АҚ сатып алды.
28.12.2006 ж. – Жұлдыз елді мекеніндегі Басты мұнай тарту сорғы станциясын, кейіннен ҚБ2 мұнай базасын сатып алу.
22.08.2009 ж. – АҚ-ның Алматы қаласында филиалын ашуы.